Парамен ұсталып, істі болған ер адам үш жылдан аса заңсыз түрде мектеп директорының қызметін атқарған. Тексерістерден өту үшін ол өзінің тегін ауыстырып алған екен, деп хабарлайды oskementv.kz, ақпараттың қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
Бескарағай аудандық соты жергілікті оқу ісі жөніндегі бөлімді тексеру барысында Белокаменскідегі мектепте пара үшін ұсталып сотты болған еркек заңсыз директор болып отырған. Ер адам 2011 жылы сеніп тапсырылған мүлікті өзі иеленіп алды және жемқорлықпен айналысты деген айыппен істі болған еді. Оған екі жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылып, алты жыл көлемінде мемлекеттік мекемелерде қаржы-экономикалық қызметке тұруына тыйым салынған болатын.
Алайда, ер адам қайтадан басшылыққа келуі үшін тегіндегі бір әріпті ауыстырып алған. Директорлыққа сайлауға түсіп жатқанында істі болған құжаттарын көрсетпей, жасырып қойған. Аталмыш факт прокуротуралық тексеріс кезінде мәлім болды.