Қыз бен жігіттің алғашқы кездесуіндегі келеңсіз оқиғалар

/uploads/thumbnail/20170709211507335_small.jpg

Лондон тұрғыны екінші мәрте кездесуге барудан бас тартқан қыздан бірінші кездесуге жұмсаған ақшасын сұрады деп жазады Metro.

38 жастағы Люси Браун әлеуметтік желіден жігітпен танысып, екеуі кездеседі. Алайда, Люси екінші кездесуге келмейтінін айтқаннан кейін британдық оның шыншылдығы үшін алғыс айтып, оған жұмсалған 42,8 фунт стерлингті  қайтарып беруін өтінген.

Сонымен қатар, жігіт қазір қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатқанын жазып, Браунмен кездесуі үшін арнайы ақша жинағанын айтқан. Электронды хаттың соңында шоттың номерін жазып жіберген. Браун жігіттің ақшасын қайтарып берген екен.

Дәл осындай жағдай Шеффилд қаласында болды. 2016 жылдың қыркүйек айында Шеффилд қаласының Лиам есімді тұрғыны бейтаныс қызға коктейль сатып алып беріп, екі аптадан кейін оның ақшасын сұраған екен.  

 

 

Қатысты Мақалалар