Ер адам қызымен табыс табу үшін көшеде қалам сатып жүрді. Алайда бір сурет олардың өмірін түбегейлі өзгертті.
Сириялық қашқын Абдул Халим аль-Аттар отбасын асырау үшін Бейрут қаласының көшелерінде қалам сатуға мәжбүр болады. Әдетте ол қалам сатуға қызымен шығатын.
Оның отбасы – 4 жасар қызы Рим ғана. Әйелі Сириядан қашып кеткен соң, 4 айдан кейін еліне қайтып кетеді.

Аль-Аттар Сирия қызы үшін қауіпті деп есептеп, Бейрут қаласында қызымен қалуға мәжбүр болады.
Бірақ бір ғана сурет ер адам мен оның қызының өмірінің жақсы жаққа қарай өзгеруіне үлкен септігін тигізеді. Норвегиялық веб-әзірлеуші Гиссур Симанорсан көшеде қалам сатып жүрген отбасын суретке түсіріп, олар үшін халықтан көмек сұрап, ақша жинауға кіріседі.

Таңқаларлығы, бір суреттің арқасында 200 мың доллардай ақша жиналды. Аль-Аттар жиналған ақшаны Ливанда өзінің жеке бизнесін ашу үшін жұмсады. Қазіргі уақытта кәсіпкер өзі секілді қашып келген азаматтарды жұмыспен қамтып, табыс табуға көмектесуде.

«Менің ғана емес, қызымның да өмірі өзгерді. Мен көмектесіп жүрген адамдар да өмірлерін жақсы арнаға бұруда», - деп пікірін білдірді ер адам.

Қалам сатушыдан жеке кәсіпкерге айналды, көмекке мұқтаж жандардан көмегін аямады. Үміт пен қайырымды істің адам өмірі үшін маңызы қаншалықты зор екені осыған дәлел.