Беларусия президенті Александр Лукашенко Украина мен Ресей арасындағы жағдайларға қатысты өз пікірін білдіріп, Беларусия да Украинаның кебін киеді дегендерге жауап берді.
"Мен Украина мен Ресей арасындағы болып жатқан оқиғаларға өте сақ қараймын. Сендер ол жайында өте көп жазасыңдар. Алдында болған пресс-конференциялардың бірінде ресейлік журналистер "Сіз бұл жағдайлардан қорқасыз ба?" деген сауалдар қойып, әбден мазамды алған болатын", - деп мәлімдеді Лукашенко.
"Тағы да айта кетейін, біз Ресеймен өзіміз қалаған кезде соғысамыз. Себебі, Ресей ешқашан да Беларусиямен соғыспайды. Біріншіден, бұл нәрсе мүлдем керек емес; екіншіден, мұндай жағдай бола қалса, Ресейге ол тек кері әсерін тигізеді. Мұндай соғыстан Ресейдің өзі зардап шегеді", - деп сөздерін нық әрі өзіне сенімді түрде жеткізді. Сонымен қатар өз сөзінде Лукашенко Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстарды жаза отырып, бір шетін Беларусияға тигізетіндерді сынап, оларға өз жауабын айтты: "Мен ешқашан да біздің мәртебемізді түсіруіне жол бермеймін. Және де Ресей бізді егемендігімізден айырады деген мәселені көтерген емес. Себебі, Беларусия - қазіргі таңда Ресейдің адал, сенімді серіктесі болып қалған жалғыз мемлекет"