Әр ұлттың өзіне тән мәдениеті, әдебі, ұстанымдары бар. Бұл қалыпты жағдай. Алайда кейбір елдердегі салттарды нағыз қорлыққа балайсың. Сондай салттардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз.
Оқ пен құмырсқамен жақын таныстық
Амазондық тайпаның бірінде ұлдар белгілі бір жасқа толғанда өз батылдығын дәлелдеуі керек. Ол үшін тірі оқ-құмырсқа салынған қолғапты киіп, билеуі қажет. Жәндіктің оқ-құмырсқа деп аталуының себебі оның бір шаққандағы ауыртпалығы оқпен жарақаттағанмен бірдей.

Тайпусам
Фестивальда тамилдықтар денесінің бірнеше жерін тесіп, сол күйінде Малайзиядағы Бату үңгіріне тауап етуге барады.

Бутандағы түнгі аңшылық
Жылына бір рет жігіттер күйеуге шықпаған қыздың жатын бөлмесіне жасырын кіреді. Егер оларды басқа біреу көріп қойса, қыз бен жігіт үйленеді немесе белгілі бір уақыт аралығында қыздың отбасы егістікте жұмыс істеуі керек.

Яномамидегі жерлеу рәсімі
Бұл тайпада бір адам қайтыс болса оның денесін өртеп, күлін арнайы дайындалған сорпамен араластырады. Ол дайын болғанда отбасы мүшелері оны ішуі керек. Яномами тайпасының ойынша қайтыс болған адамның жаны сол кезде тыныш табады.

Тісті егеу, Бали
Некеге тұрардың алдында қыздың тісін егейді. Бұл ашу, ыза және т.б жаман эмоцияларды бақылауға үйретеді деген түсінік бар.

Баланы лақтыру, Үндістан
Кейбір жұптар жаңадан туылған нәрестесін 15 метр биіктіктен лақтырып, матамен ұстап алады. Осылайша бүлдіршін құдайдан бата алады деп есептейді.

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет