Жылжымайтын мүліктерді сатылымға шағаратын "Крыша" сайтында $10 000 000-ға бағаланған вилланы сатылымға қойыпты. Бүгінгі таңда Астана қаласында орналасқан зәулім сарай ең қымбат үй болып тұр. Аталмыш сайтта көрсетілгендей үйдің 12 бөлмесі бар екен.

Үш қабатты үйдің еі төменгі қабатында барынша жабдықтарлған Spa-кешені орналасқан: финдік және ресейлік монша, хамам, массаж бөлмесі.

Суреттерде көрсетілгендей, әр бөлмеде киім ілетін гардероб бар, олардың сыртқы қабаты алтын, күміс және қоламен жалатылған екен.


Зәулім сарай Астанадан сәл қашықтықта жатқан Саранда тұрғын үй кешенінде орналасқан.



