Темекі тарту басты көптеген аурулардың летальді түрде аяқталуына алып келетін бірден-бір себеп болып отыр. ДДСҰ статистикалық мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын темекіден шамамен 6 млн.адам өлімге ұшырап отырады екен. Темекі тартудың қауіптілігін бағалау мүмкін емес. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақтар барлық мемлекеттер үшін, темекі өнімдерінің құрамы мен олардан бөлінетін заттар жайлы толықтай ақпаратты бірыңғай Кедендік одақтық есептемелерді жасаудың керектігін растап отыр. Бұл өте маңызды мәселе. Себебі, әлі күнге дейін темекі өнімдерінің құрамында қандай заттардың бар және жоқтығы туралы толықтай ақпараттар жоқ. Европа мемлекеттерінде мұндай жауапкершілік барлық темекі өндірістерінде жүктелген. Ол 2001 жылдан бастап бастау алған болатын. ЕЭС бойынша темекілерді жасап шығару кезінде қоспалар, яғни темекіге жағымды дәм берушілер, сүзгілердің шарбатпен сіңірілуінің болмауы, және де балалар және жасөспірімдер үшін қызығушылық тудыратындай етіп жасауға болмайды. Бұл шектеулер енгізілген болатын, себебі темекі тартатындардың ішінде балалар мен әйел адамдардың саны артуда. Ал ерадамдардың арасында темекі тартуға деген қызығушылық жылдан-жылға төмендеуде. Сол себепті әйел адамдар мен өсім келе жатқан жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтау мақсатында темекінің құрамына кіретін толықтай компоненттердің кері әсерлерін білуі тиіс. Мысалы, тағамдық өнімдер өндірістік орындарда ешқандай заттаңбасыз шығарылмайды, оның ішінде барлық құрамы жазылуы тиіс, солардың ішінде концерогендік әсерлері барлар жазылуы қажет. Барлық темекі өнімдерінің құрамына кіретін барлық құрылымдарды зерттеу және шектеу керек.
Олар тератогендік (ұрықтың дамуы барысында кемістіктердің пайда болуына алып келуі мүмкін), аллергендік, канцерогендік (ісік клеткаларының дамуын туындатуы мүмкін), мутагендік (клекаларда түрлі мутациялар тудыруы) және адамға есірткелік әсер етуші қасиеттері бар болуы ықтимал. Бір қызығы темекі өндіруші технологтардың өздері өздерінің қоспаларының қасиеттері жайлы біледі (олар бұл заттардың қасиеттері жайлы толықтай ақпараты бар ішкі құжаттарды алып отырады), дегенімен де, бұл өндірісте қолдануға шектеу қоя алмайды және шет елдерде темекі өнімдерінің түзілуіне шектеу қойылғандықтан, Кедендік одақ мемлекеттері үшін түрлі темекілердің қосымшаларының саны бірнеше есеге артп отыр. Шет елдерде көптеген темекі өндіру орындары біздің тұтынуымыз және сұранысымызға жауап ретінде ғана жұмыс атқарып отыр. Осы жерден «не себепті ЕС мемлекеттері үшін транссанкциялық компаниялар өздерінің темекі өнімдерінің құрамдары жайлы толықтай ақпарат беріп, ал Кедендік одақ мемлекеттері үшін мұндай ақпараттар берілмейді?» - деген сұрақ туындап отыр. Дегенімен де, темекі өнімдерінің құрамдарына кіретін қосылыстардың кері әсерлері жайлы мысалдар келтіруге де болады. Мысалы, бензопирен, бензол, 1,3-бутадиен, формальдегид, ацетальдегид, нитрозаминдер концерогендік және мутагендік әсерлерге ие. Олар лейкоз және ісік ауруының басқа да түрлерін тудыруы мүмкін. Цианидтер организмде ауыр интоксикацияны шақырып отырады. Темекінің тездетіп тұтануын тудыратын түрлі селитра, ацетон тератогендік және аллергендік әсерлері бар. Ал күшән жүрек-қантамыр жүйесіне кері әсері байқалады және түрлі обыр ісіктерінің туындауына алып келуі мүмкін.Полоний – радиактивті элемент. Организмге іштей радиациялық әсері байқалады. Еріткіштер, консерванттар, тұрақтандырушылар да организмге токсикалық әсер етеді. Егер есірткіге және концерогендік шайырға келетін болсақ, жоғарыда айтылған химиялық қосылыстардың жанында залалсыз болуып көрінуі мүмкін. Дегенімен, есірткіні қолдану гипертонияға, тамырлардың склерозирленуіне, бөлінуді тудырды және өкпеде ісік клеткаларының пайда болуын тудыратындығы бұрыннан белгілі.Бір темекіні тұтынғаннан кейін ауыз қуысының шырышты қабатының өзгерісіне алып келеді, ол қатерлі ісік ауруларының туындауына алып келеді. Ұйқы безінің ісігінің пайда болу мүмкіншілігін арттыра түседі, ал пайда болған ісікті дәрі-дәрімекпен емдеуден бұрын,хирургиялық жолмен де алып тастау мүмкін болмайтын жағдайға жетеді. Көздің торлы қабығының қанайналымы бұзылады, көздің артқы бөлігінің өзгерісі туындайды – орталық көру қабілеттілігі нашарлайды. Ал репродуктивті жүйеге темекі өз кеселін аз келтіреді деп те айта алмаймыз, бедеулікке және әтектікке алып келеді. Темекінің кері әсерін тіпті, ана жатырындағы бала да сезінеді, ал егер дүниеге келмеген нәрестенің анасы темекі тартатын болса, туылмаған балада қауіпті аурулар пайда болуы мүмкін. Бутан, кадмий, гексамин, винил хлориді, нафталин, ацетон, аммоний, метанол, метан, полоний, радий, торий, смолы … сынды 4000 түрлі деңгейдегі токсикалық әсері байқалынатын химиялық заттар бар. Ал токсикалық заттардың кері әсерлерін, өндіріс барысында қосылатын қоспалар тіпті одан әрі кері әсерін арттыра түседі. Сонымен қатар, тағы бір қызық жайттардың бірі, темекі өнімдері ЕЭС мемлекеттері үшін шектеулер бойынша жекелей жасалынады, ал Кедендік одақ мемлекеттері үшін басқа шектеулер бойынша жасалынып отырады. Және мұндай жайттар күмәндік келтірмейді, яғни темекі өндіруші мекемелер өзінің тұтынушыларынан жасыратын жайттарының бар екендігіне бірден бір дәлел бола алады. Халықтық құндылық бойынша және ұрпақтарымыздың дендерінің сау болуын сақтау қалу мақсатында зерттелініп отырған мәселені соңына дейін жеткізуіміз қажет. Ал сіз бұл мақаланы оқып жатқан уақытта, темекінің кері әсерінен 20 шақты адам дүниеден озды.
Авторлары: Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биофизика және биомедицина кафедрасының доценті Бақтыбаева Л.К.
PhD. Аға оқытушы Әлібек Ыдырысұлы