Шымкенттік азамат қалыңдығына қасақана ВИЧ жұқтырып, сотталып жатыр

/uploads/thumbnail/20170709212005491_small.jpg

Шымкентте алғаш рет ВИЧ-жұқпалы ауруын қасақана жұқтырды деген айып бойынша сот процесі өтті деп хабарлайды caravan.kz.

Үйленемін деп сөз берген шымкенттік азамат инфекцияны  өз қалыңдығына ғана емес, оның ұлына да жұқтырған.

Былтырғы жылдың жазында «ЖИТС-тан балаларды қорғау» қорынына жас келіншек келген. Бүркеншек аты Феруза. Оның әңгімесіне қарағанда  бір жасар ұлы соңғы уақыттары қатты және жиі ауырып жүрген.  Қолданған ем-домның еш нәтижесі болмағандықтан, ауруханаға түсіп қалған. Анализ нәтижелері туған ұлынан ВИЧ-тің оң нәтижелерін көрсеткендегі Ферузаның таңданысы мен қорқынышын айтсаңызшы!

Бұл аурудың қайдан пайда  болғанын табу мақсатымен келіншек өте қызық жағдайға тап болған. Ұлын босана салысымен күйеуімен айырылысқан Феруза 49 жасар Максадхан У-мен танысқан. Өз кезегінде Максадхан оған үйленеміз деп уәде берген. Алайда, арада біраз уақыт өткен соң екеуі айырылсқан. Экс- жігітітінің өткен өмірін тексере келе, Феруза оның наркодиспансерде тізімде тұрғанын біледі. ЖИТС орталығында одан ВИЧ-инфекциясы анықталған екенін де кейін білген.  

Ферузаға өзінің инфекциялағанын біле тұра тіл қатпаған Максадхан қатерлі ауруды  келіншектің  баласына да жұқтырған. Максадханнан Ферузаға, ал Ферузаның сүтінен баласына жұққан инфекция осылай жалғасын тапқан.  Осындай мәселеден кейін Феруза құқыққорғау органдарына, прокуратураға көмек сұрап келген. Нәтижесінде Максадхан соттың алдына тұрды.

Сот процесі Шымкенттің Аль-Фараби аудандық сотында жабық түрде қаралған. Бастапқыда өз еркімен келіп жүрген айыпталушы, өзінің кінәсін мойындаған. Алайда Максадхан, сот өз үкімін шығарған соң із-түссіз ғайып болған. Сот үкімі бойынша айыпталушыға « екі және одан да көп тұлғаға, кәмелетке толмаған тұлғаға қасақана жұқпалы ауру жұқтыру» бойынша ( 3-б,118б) айып тағылды. Сот айыпталушыны сырттай соттап,   4 жылға  жазаны жалпы режимдік коллонияда өтеу бойынша  бас бостандығынан айырды.

Зардап шеккен келіншектің талаптары жартылай қанағаттандырылды. Моральдік зардап үшін  сот айыпкерді  1,5 миллиона теңге төлеуге міндеттеді.

Үкім шығарылған соң Максадханға іздеу жарияланған.  Бір қызығы, айыпталушы бұрын отбасылы болған екен, тіпті балалары мен немересі де бар болып шықты. Алайда, оның туыстары олардың  қуанышқа орай ВИЧ инфекциясынан сау екен. Соған қарағанда, Максадхан бұл инфекцияны бірінші некеден кейін жұқтырған көрінеді.  

Бұл қылмыс бойынша сот қысқа мерзімде айып тақты, оның себебі айыпталушының өзінің де хал-ахуалының мәз еместігі болса керек. Үкім әлі заң күшіне енген жоқ.

Ал, Феруза баласымен бүгінгі күні ем қабылдап жатыр және хал-аухалы жаман емес.  

Аударған: Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар