«Оқу инемен құдық қазғандай» демекші, қай уақытта болсын, қай жасқа келсеңізде білім алуға ешқашан кеш емес және ешқандай кедергі жоқ. Қазақтың бойына сіңген дара қасиеттердің бірі ерте бастан бастап хат тану, зердесін ашу. Осы болмыстарының арқасында өзінің ғылымға , оқу- білімге деген зеректігін байқатып жатады. Көшпелі өмір кешіп, сайын даланың құшағында тербелген аңқау да, бауырмашыл қазақтың өнер білімге деген құштарлығы ерекше болатын. Сол қасиет қазірде өз құндылығын жоғалтпаған. Ел арасында тілі шыға салып, хат танып, қазақтың батырларының жырларын, ертегі дастандарын жатқа оқып, елді тамсандырып жүрген даналарымыздың қатары аз емес. Осыдан-ақ қазақтың әр баласының асқақ арман мен жарқын болашақты қалайтынын байқаймыз. Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім» деген еді. Осы сөзді ерте бастан жете түсінген тұлғаларымыздың басты мақсаты- қараңғы қазақтың көгіне күн болып жарық түсіріп, асқақ рухын серпілтіп, өзге жұртпен іргемізді теңестіру.
Бар қиындық пен азапты, халықтың көрген қорлығын оқу-білімнің шырағын ұстау арқылы жеңуге болатынын жете ұғынған дарабоздарымызбен танысып өтсек.
Алаштың арда көсемі, әдебиет көгінде жарқырап жанған жарық жұлдыздың бірі және бірегейі- Мағжан Жұмабаев 4 жасынан бастап хат таныған екен.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, қазақ балалар әдебиетінің атасы - Ыбырай Алтынсаринді атасы Балқожа би 3 жасынан бастап, өз тәрбиесіне алып білімге баули бастаған.
Қазақтың көгіне күн болып жарқырап шыққан алып шыңымыздың бірі – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өзі 6 жасында хат таныған болатын.
Шығыстың құйрықты жұлдызы болып жарқ еткен, озат ойшыл-Шоқан Уәлиханов 5 жасында хат танып, орыстың зиялыларын мойындатқан болатын.
Әдебиет әлемінің биік асуын бағындырған , қазақтың бірегей қаламгері, жазушылықтың көгінде қырандай қалықтаған Мұхтар Әуезов ерте жасында хат танумен қатар, 15-16 жасында көркем шығарма жазуға бейімделіп, алғашқы қадамдарын жасаған .
Атақты ақын, ғұлама оқымысты, қаршадайынан білімге бас қойған Мәшһүр Жүсіп Көбеев 5 жасында хат танумен қоймай, араб парсы тілдерін жетік меңгерген .
Ел үшін сол бір қиын қыстау кезеңдерде білім алып , қараңғы қазақтың қатарынан озып шығып сауатты болудың өзі қиын іс еді. Осы ауыр жүкті ерте жастан бастап көтере білген, өз табандылығы мен қайсарлықтарының арқасында озық болып алған шыққан, ұлы тұлғалардың ұлы қадамдарына таңқалмасқа болмайды.
Көгершін Тілеген