АҚШ-та Гитлерге тиесілі болған телефон сатылып жатыр деп хабарлайды bbc.com.
Аукционға Германияның ұлтшыл лидері болған Адольф Гилердің қызыл телефоны сатылымға қойылған. Сатылым осы демалыс күндеріне жоспарланып отыр.
Бұл телефон 1945 жылы Берлинде Гитлердің бункерінде табылған екен. Телефонның артқы жағында иесінің есімі мен ұлтшылдық символы бедерленген. Оны кеңес солдаттары тауып, британдық генерал Ральф Рейнерге кәдесый ретінде тапсырған көрінеді.

Ал бүгін телефонды сатылымға шығарып отырған сол генерал Рейнердің ұлы.
Аукцион Мерилендтегі Чесапик ситида өтеді.
Alexander Historical Auctions аукцион үйінің мәлімдеуінше, сатылым 100 мың доллардан басталады. Дегенмен, ұйымдастырушылар өз кезегінде тарихи жәдігердің кем дегенде 300 мың долларға сатылуы керек екендігін жасырмады.
Аукцион үйінің өкілі бұл телефонды «жаппай қырып-жою құралы» деп атады. Гитлер өлім жазасына кесу, өлтірту сияқты бұйрықтарын дәл осы телефон арқылы жүзеге асырған.
аударған Назерке Мұса