Иранда уран байыту көлемін 20 пайызға ұлғайтады

/uploads/thumbnail/20170709212135756_small.jpg

Иранның Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Иран ислам республикасында уран байыту көлемінің 20 пайызға ұлғаятынын мәлімдеді. Бұл туралы Parstoday жазды.

Иран Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы әрі құқықтық, халықаралық және парламенттік істерінің орынбасары Беһруз Камалванди: «I.R.8 центрифугалары сынақ кезеңінде уран газымен байытылған. Енді сынақ біткен соң көптеп өндіріледі.

Қазіргі кезде уран байыту жұмыстары "I.R.1" центрифугалары арқылы орындалады. Оның байыту сыйымдылығы жылына бір су болып табылады, бірақ "I.R.8" центрифугалары жылына 20 SWU (Seperative Work Unit) байыту әлеуетіне ие. Осы аппаратты көптеп өндірудің нәтижесінде байыту көлемі 20 пайыз болады» деді. Камалванди сондай- ақ әртүрлі бөлімдерде түрлі радио дәрі өндіру саласында алдағы көктемнің бас кезінде 20 жаңа жетістіктің тұсаукесері болатынын хабарлап: «Иран әртүрлі радио дәрі өндіріп жатыр, өйткені бұл өнім медицина ғылымында сәуле арқылы емдеу мен анықтауда маңызды рөл атқарады» деді.

"I.R.8" центрифугалары соңғы үш жылда механикалық сынақтардан сәтті өткен Иран ғалымдары жобалап жасаған ең дамыған центрифугалар болып табылады.

Қатысты Мақалалар