Бішкек шоумені: Қазақстан мен Қырғызстан тойларының жалғыз айырмашылығы – бешбармақта

/uploads/thumbnail/20170709212140602_small.jpg

Бішкектің танымал шоумені, «Азия MIX» КВН командасының бұрынғы ойыншысы Руслан Халмурзин "Sputnik-Кыргызстан" тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қырғызстанның тойлары несімен ерекшеленетінін айтты.

«Негізінен, екі елдің салт-дәстүрлері бір-біріне ұқсас. Жалғыз айырмашылық – Қырғызстанда бешбармақ тойдың соңында берілсе, Қазақстанда тойдың басында беріледі. Бешбармақ берілсе, тойдың бітуі деп ойлайтын маған, бұл дәстүр алғашында біртүрлі көрінді.

Әрине, Қазақстан – қала саны мен ақшасы көп, әрі мұнайға бай ел. Тойды дүркіретіп өткізуге шамалары жетеді. Тойларына өз әншілерінен бөлек, Ресей әншілерін де шақырғанды жақсы көреді. Жұма және сенбінің әр кеші Қазақстан жерінде Мәскеу әншілері өрбіп жүреді. Айтпақшы, елдің тұрғындары Эрос Рамазоттидан гөрі, Қайрат Нұртасты ерекше жақсы көреді. Ол әншімен елдің бәрі суретке түсіп әлек. Ол негізі жақсы жігіт, кез-келген тойдың көркіне айналады.», - деп пікірін айтты шоумен.  

Ал, Қырғызстан мен Қазақстан кештеріне жұмсалатын қаражат жөнінде сұрағанда, былай жауап береді:

«Бішкекте бір кеш үшін ең көбі 500-800 доллар ақша жұмсалады. Қазақстан табиғи ресурстарға бай қала, тұрғындары да көп. Қазақстанның бір тойында ойын ойнатып жатқанымда қалжыңдағаным бар: «Егер біз конкурста қонақ команданы жеңсек, солардың есебіне Дубайға барып демалып қайтамыз» деп едім, бір ер адам орнынан атып тұрып, «Не дейді? Дубайға бармақшысыңдар ма?» деп жар салды да, көмекшесіне 10 мың доллар ұсынып, бізге беруін бұйырды. Бірақ, сонда да Қазақстанда дағдарыс лебі сезіледі».

 

Қатысты Мақалалар