Билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу Қазақстанның стратегиялық даму жоспарының дұрыс екенін көрсетеді. «Президент ұсынған басқару реформасы келешекте жемісін берері сөзсіз. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың демократиялық ұстанымды нығайту жолындағы тарихи шешімі», - дейді Қытай сарапшысы Сунь Чжуанчжи. Бұны 24.kz жаңалықтары хабарлайды.
Сунь Чжуанчжи, ШЫҰ зерттеу орталығының бас xатшысы:
- Қазақстанда билік жүйесінде болатын реформалар туралы Президент Н.Назарбаев бұрыннан айтып келе жатыр. Бүгінге дейін атқарылған жұмыстар елдің келесі даму кезеңіне нық сеніммен өтуіне себепші болды. Билік құзыретін үшке бөлу бірнеше саяси күштің билікке келуіне ықпал етеді. Яғни Қазақстанды дамытуға, елді өркендетуге жаңа күш келе жатыр деген сөз. Президенттік-парламенттік жүйеге өту Қазақстанның қазіргі жағдайына сәйкестендіріп жүргізіледі. Сондықтан бұл тұрақтылықты сақтайды.