Тұңғыш робот-полицей Қытайда қызметке тұрды

/uploads/thumbnail/20170709212152475_small.jpg

Қытайдың Хэнань провинциясында тұңғыш робот-полицей қызметіне кірісті. Ол Чжэнчжоу қаласының теміржол вокзалындағы күту залын күзетеді, деп хабарлайды lenta.ru.

Робот-полицей өз бетімен берілген ауданды күзетеді, адамдардың бет-әлпетін сканерлеп және ажыратып, жолаушылардың сұрақтарына жауап бере алады. Сондай-ақ ол ауа температурасын анықтап, өрт қаупін ескертеді.

Әзірге робот тестілеу режимінде іске қосылған. Жақын арада оны түнгі мезгілде жұмыс істету жоспарлануда. Себебі түнде күту залында жолаушылар көп болады.

Айта кетер болсақ, жақында ғана Қытайда алғашқы робот журналист қызметке кірісіп, алғашқы мақаласын жазған болатын.  Сяо Нань есімді робот корреспондент 300 иероглифтен тұратын алғашқы мақаласын 1 секундта жазған еді.

Қатысты Мақалалар