4 салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Рой Джонс спорттан кететінін айтты

/uploads/thumbnail/20170709212215838_small.jpeg

Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBF) нұсқасы бойынша 90,71 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы америкалық Рой Джонс мансабын 2017 жылы аяқтайтынын мәлімдеді. ҚазАқпараттың жазуынша бұл туралы Boxingscene хабарлаған.

«Бұл менің бокстағы соңғы жылым деп ойлаймын. Мұны баршаңызға мәлімдеймін», - деді спортшы.

18 ақпан күні 48 жастағы Джонс канадалық Бобби Ганнды жеңген еді. Джонс WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Джонс - төрт салмақ дәрежесіндегі (72,6, 76,2, 79,38 келіге дейін және аса ауыр салмақта) әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы. Оның қоржынында барлығы 65 жеңіс бар (47 - нокаутпен) және тоғыз рет жеңіліс тапқан. 

Қатысты Мақалалар