Қытай қазақтары «Қаңлы хикаясы» атты көп сериялы телехикая түсірді

/uploads/thumbnail/20170709212335228_small.JPG

Өткен жылы қыркүйек айында Шыңжаң телевизиясы Хуиуи компаниясымен бірлесе отырып, Толы ауданының әкімшілігінің қолдауымен  Қытай қазақтары тарихындағы тұңғыш телехикаяның түсірілімін бастаған болаты.  

Фильм тобының 3 айлық операторлық жұмысынан кейін түсірілімнің алғашқы жұмысы аяқталды. Фильмнің бас режиссерлік міндетін Шыңжаң телевизиясының белді теле жүргізушісі, Қытай мемлекеттік 1-дәрежелі режиссер Күрес Қабденұлы атқарған. 

Ал бас операторлық қызметті «Нико фильм мәдениет тарату компаниясын» құрушы Нығмет Құсмаұлы атқарды. Естеріңізге сала кетсек, Нығмет Құсманұлы осыдан бұрын Англия мен селбескен «Дала сазы» киносы, Қазақстанмен селбескен «Оралу» телехикаясы қатарлы көптеген кино-фильмдердің түсірілміне атсалысқан, өткен жылы ғана ұйғыр ұлтының «Біздің маһалле» атты 20 сериялы теле филымің бас операторы болса,, «Ілтжә» фильміндегі бас операторлық қызметі үшін «Көпір» микрофильм фестивалының «Ең үздік оператор» сыйлығының кандидаты болып сыйланған. 

Ал, Шыңжаң телевизиясының мықты суретшісі Нұрбақыт Жақай ұлы осы реткі фильмнің бас көркемдік жетекшісі болды. Нұрбақыт Жақайұлы да «Наратқа махаббат» қатарлы кинофильмдердің суретшілік жұмыстарын атқарған еді. 

Телефильмнің бас режиссері Күрес Қабденұлы: «бұл фильм Шыңжаң қазақтарының тұңғыш сериялы, әрине бәріміздің мойнымызда жауапкершілік бар, түсірілім бастаған уақытымыз күзгі мезгіл. Ал фильмде жаз, қыс, көктем мезгілі қамтылады, уақыт тығыз, ал актерлеріміздің бәрі жаңа бет-бейнеде, көбі бірінші рет образ сомдауда. сондықтан қиындықтар аз емес», - дейді. 

Телефильмнің бас Операторы Нығмет Құсманұлы: «Бұл телефильмде ерекше атап өтер жәй фильмнің режиссері, операторы, көркемдік жетекшісі, шырақшы, дыбыс режиссерлері, майдан тізімдеуші, кимшілерінің бәрі қазақ ұлтынан, Яғни тұңғыш қазақ фильм тобы құрылды деуге болады, әрі актерлерде қазақ тілінде сөйлейді, бұндай түсірілім тобы қазақ киносында бұрын-соңды болмаған жәй», - дейді. 

Фильм алдыңғы түсірілім барысы аяқтап, қазір Ерсін Мақсатұлы соңғы монтаж жұмысына кірісуде.

Естеріңізге сала кетсек, ­ атты 30 сериялы телефильм Қытай қазақтарының тұңғыш көп сериялы телехикаясы болғалы отыр. Фильмде жаңа ғасырдағы қазақ тұрмысы және мал шаруашылығын негіз ететін қазақ малшы қауымның тіршілігі көрсетіледі. Телефильм сюжеті қыстақтағы Ұлан, Майыра, Ерболат, Бақай қатарлы жастардың төңірегінде дамиды. Бұл телефильм Шыңжаң телевизиясының аз ұлыт тіліндегі кинофильм мәдениет туындыларын дамыту жағындағы жаңа қадамы, ізденісі әрі Шыңжаңдағы қазақ теле туындылардың бостығын толтырады. Фильм осы жылдың сәуір айында көрермендермен жүздеседі деп межеленуде.  

Қатысты Мақалалар