«Халықтың сүйіктісіне» айналған Димаш Құдайберген «I am singer» жобасының 5 кезеңінде Бруно Марстың хитке айналған «Uptown Funk» әнін айтты. Айта кетерлігі, бұл ән фанк стиліне жатқызылады. Димаштың мұндай репертуар орындағаны миллиондаған фанаттарын таң қалдырғаны рас. Көңіл көтеретін, билеуге шақыратын ән қытай көрерменінің көңілінен шықты. Оны видеодан ақ байқауға болады. Алайда Димаш 6 орын алды.