Картада жаңа құрлық пайда болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709212405772_small.jpg

Тынық мұхитында ғылымға беймәлім жаңа құрлық бар деп хабарлайды 24.kz.

 Веллингтон ғалымдары осылай деп отыр. Айтуларынша, оның көп бөлігі су астында жатыр. Ал көрінетін бөлігі Жаңа Каледония мен Жаңа Зеландияға тиесілі. Мамандардың пайымдауынша, ол шамамен 80 миллион жыл бұрын ежелгі Гондванадан бөлініп кеткен болуы мүмкін. Ғалымдар жаңа құрлыққа «Зеландия» деген атау берген. Ауданы – 5 миллион шаршы шақырым. Енді ғалымдар қауымдастығы бұл болжаммен келіссе, картада жаңа құрлықтың пайда болуы ғажап емес.

 

Қатысты Мақалалар