Бауыржан Байбек есебінде кредит алып той жасайтын қазақтарды сынады

/uploads/thumbnail/20170709212508591_small.JPG

Алматы әкімі Бауыржан Байбек халық алдында есеп беріп жатыр деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Алматы өткен жылы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынын сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша экономикалық өсім ең кемінде 2,5%- ды құрайды. 25 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Бүгін 2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаған қала әкімі Бауыржан Байбек осылай мәлім етті.

«Инфрақұрылымдық даму назардан тыс қалған жоқ. «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде сәулетті ғимараттар, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру нысандары, балабақшалар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, халықтың игілігіне жаратылуда. Жалпы, қала инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылды. Осы жұмыстар былтырғы жылы барша алматылықтар болып бірге қабылдаған, 5 қағидаға негізделген «Алматы-2020» даму бағдарламасын басшылыққа ала отырып жүргізілуде. Оларды тағы бір рет атап өтсем, біріншіден, әрбір адамға қамқорлық; екіншіден, үздік тәжірибе негізінде тиімді және үнемді шешімдер қабылдау; үшіншіден, экономикалық драйвер ретінде бизнесті ынталандыру; төртіншіден, азаматтық қоғамды барынша тарту; және бесіншіден, жергілікті басқару органдарының есептілігі мен ашықтығы. Жалпы, тек елімізде ғана емес, барша әлемде орын алған қаржылық-экономикалық қиыншылықтарға қарамастан өткен жылы атқарылған, ауыз толтырып айтар істер баршылық. Былтырғы жылғы есептен бірер мәлімет келтірсек, дәл осы залда маған қатысушылар тарапынан 32 сұрақ қойылған болатын. Оның  24-і (75%) заң шеңберінде өз шешімін тапты. Ал 8 ұзақ мерзімді мәселе бойынша жұмыстар ағымдағы жылы аяқталатын болады. Өткен аптада 8 ауданның әкімі қала тұрғындары алдында әрқайсысы бірнеше дүркін кездесу өткізіп жылдық есеп берді. Жалпы жұртшылықпен 44 кездесу өтіп, онда 500-ден астам сұрақ қойылған. Жалпы саны 15 мыңға жуық адам қатысқан бұл кездесулерде қойылған сұрақтардың басым бөлігіне сол жерде жауап берілген болса, қалалық дәрежеде қарастыруды қажет ететін бірқатар мәселелерді мен өз бақылауыма алдым. Олардың барлығы да өзінің нақты жауабын табатын болады»,  - деді Бауыржан Байбек. Сонымен қатар, әкім алдағы аптаға жоспарланған қалалық мәслихаттың отырысына көтерілген мәселелерге сәйкес өзгертілген, толықтырылған бюджет жобасы енгізілетінін айтты.   «Сайып келгенде барлығымыздың мүддеміз тоғысар бір арна - ол Алматыдай алып шаһардың тұрмыс-тіршілігі, бүгіні мен ертеңі. Осы жолда бірлесе, жұмыла жұмыс жасайық», - деді қала басшысы.

Сондай-ақ Алматы әкімі үш тілді оқыту туралы да айтты. «Ағылшын не үшін керек? Үш тілді дегеніміз қарапайым азаматтарды ойлау деген сөз. Қазақ әрқашан білімге талпынған. Ұлы Абай «орыс тілін оқы» деген. Ол тек орыс тілін айтқан жоқ, сол кезде орыс тілі қазіргі ағылшын тілі сияқты болған. Абай орыс тілін үйрен деп шет тілін үйренуді меңзеген», - деді ол өз сөзінде.

Сондай-ақ экономикалық әлеует туралы айтқан Бауыржан Қыдырғалиұлы кредит алып той жасайтын қазақтарды да сынады. Сондай-ақ, 

Қала басшысының айтуынша, Алматы халқының саны 1,5 есеге өссе, көліктер саны тоғыз есе өскен. 

"Кеңес кезінде адам көлік сатып алса, бай дейтін, ал сатып алмаса, жағдайы жоқ деп есептелетін. Бізде осы парадигма әлі де бар. Азаматтар көліктің абырой емес екенін түсінбейді, бұл қозғалыс құралы. Кейде метромен жүру ыңғайлы, арзан әрі тиімді. Кешкі уақытта көлікпен жүруге болады. Осыны зерттеу көрсетіп отыр, таяуда реформаны халыққа таныстырып, талқылап, өткіземіз. Көліктер кептеліс қана туғызбайды, сонымен қатар, зиянды заттардың 80 пайызын шығарады", - деді Бауыржан Байбек халыққа есеп беру кездесуінде. 

Байбектің айтуынша алматылықтар жыл сайын 500 миллион доллар қаражатқа шетелге барып емделеді.  Осыншама қаражаттың шетелге кетуінің алдын алу мақсатында қаланың медициналық базасы жетілдіріліп жатыр. Атап айтқанда Универсиада аясында 40 жедел жәрдем көлігі алынған. Наурызбай ауданында жаңа поликлиника салынып жатыр.

Ақшаның аспаннан түсіп жатқан жоқ екенін еске салған Бауыржан Байбек Аяқ қолы барларды жұмыс істеуге шақырды. 

Ол есеп беру барысында жұмыссыздықты шешудің бір жолы туризм саласын дамыту деп атады.

«Жұмыссыздықты шешу үшін туризм саласын қарқынды дамыту керек. Көптеген жастар ЖОО-да оқуға мүмкіндіктері жоқ болғандықтан, олардың барлығы туризм саласында қызмет етуге тиіс. Мысалы Мегадағы батут 84 адамды жұмыспен қамтуда. Бұл да бір туризм бөлшегі. Алайда қоғамда туризмді дамытпайық деген ойдағы жандар да бар. Бірақ біз Түркия, Швейцария сынды елдер өз экономикасын туризм арқылы көтеріп отырғанын ескеруіміз керек. Әлемдік статистика бойынша да туризм экономикалық ресурста 3 орын алады. Егер қазір туризмді дамытпасақ болашақта жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі ушыға түспек. Әр шетелдік азамат Қазақстанға турист болып келгенде орта есеппен 1 күнде 245 доллар қаражат қалдырады» деді.

Байбек халыққа есебінде Алматыны «Жастар қаласы» деп атады. 

«Ардақты Алматылықтар, Азаттықтың алтын бесігі – Алматы! Қашаннан да отанымыздың экономикалық қозғаушы күші, еліміздің рухани ордасы, қаламыздың экономикалық жағдайы алматылықтар үшін ғана емес барша алматылықтар үшін маңызға ие!», -  деп аяқтады өз сөзін 

Қатысты Мақалалар