97 әйелі бар нигериялық азамат тағы да үйленбек (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709212513008_small.jpg

Мохаммед Белло Абубакр әлемге ең көп әйел алған адам ретінде танылды.

92 жастағы Абубакрдің 97 ресми әйелі бар және ол мұнымен тоқтамақ емес деп жазады The Independent.

Нигериялық азаматтың айтуынша, оның өмірге келгендегі басты міндеті көп әйелге жар болу.

 

Абубакр жақында қайтыс болды деген ақпарат тараған. Алайда бұл ақпарат өтірік болып шықты. Абубакрдың ойынша оны көре алмайтын адамдар әдейі осындай қауесет таратады.

Естеріңізге сала кетейік, нигериялық ер адам созылмалы аурудан көз жұмды деген ақпарат тараған.


Ол жергілікті журналистке берген сұхбатында «Менің қымбаттым, мен тірімін» деген екен.


Қайта отау құруға қатысты жоспарларын білгенде 92 жастағы Абубакр өмірінің соңына дейін өмірдегі басты міндетінен бас тартпайтынын және тағы да үйленетінін айтқан.


Мұсылмандардың көбі егер ер адам материалдық тұрғыдан қауқары жетсе 4 әйелге дейін алуға болады деп есептейді. Алайда Абубакрдың тұрақты кірісі жоқ. Сондықтан мұсылман қоғамы тарапынан бірнеше мәрте сынға ұшыраған.



Абубакр Шариғат сотының шешімімен 2008 жылы тұтқындалған. Бірнеше ай өткеннен кейін оны шығарып, 82 әйелімен ажырасуға міндеттеген. Ол кезде Абубакрдің 86 әйелі болған. Бірақ нигериялық азамат ол талапты орындамады.


Жақында Мохаммеда Абубакрдың тағы да тойы болады. 

Қатысты Мақалалар