Бельгия сенаторы Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709212607930_small.jpg

Қазақстанның Сирия мәселесін көтеруі және экстремизм мен терроризмге қарсы күресі еуропалықтар үшін үлгі деп есептейді Бельгияның Федералды парламентінің сенаторы Алан Дестекс деп хабарлайды 24.kz. Саясаткер Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшесі ретінде жақсы жұмыс атқарады.

«Қазақстанның Сириядағы жағдайды тұрақтандыруда өз үлесін қосу арқылы радикалды экстремизммен күресте өте маңызды роль ойнайды. Алдағы уақытта Сирия мен Ирактағы жағдайды тұрақтандыра алады. Қазақстан ирандық ядролық мәселені шешуіне де үлес қосты» деп мәлімдеді Бельгия сенаторы.  

Алан Дестекстің сөзінше еліміз жақсы географиялық аймақта орналасқан және АҚШ, Қытай, Ресеймен қарым-қатынасы жақсы ел ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне «диалог дауысын» алып келе алады.  

Германияда жылда өтетін Мюнхендік конференция өтті. Онда сириялық шиеленісті тұрақтандыру мәселесі көтерілді. Сарапшылардың ойынша екі тараптың келіссөздер үстеліне отырып, мәселені шешуі Астанада бастау алды.

 

 

Қатысты Мақалалар