Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Euronews телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында журналист Қырғыстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі туралы сұрақ қойды.
«Бұл одақ Ресейдің мүддесін көп ойлайды деп ойламайсыз ба? Лукашенко Белоруссия ЕОЭ кіргеннен ештеңе ұтпады деген еді. Сол секілді қиын жағдайда қаламыз деп қорықпайсыз ба?» деп сұрады журналист.
«Біз Еуразиялық экономикалық одаққа кірмесек блокада (оқшаулау-редакция) қаупі төнді. 2010 жылы Қазақстан бізге 1,5 айға блокада жасады. Бізде тіпті адам шығыны болды. Блокада дегеніміз жақсы нәрсе емес. Егер бізге баламасын ұсынса, қайсысын таңдаймыз. Ауғанстан ба? Біз тіпті бүгін Еуро Одаққа кіруге дайынбыз. Ман оны ұсындым да. Алайда маған ашық түрде ортақ шекарамыз жоқ екенін айтты. Сонда нені ұсынасыңдар? Бізде 6 миллион халық тұрады. Барлығынан оқшауланып, джунглиде жүргендей өмір сүрейік пе? Даму үшін бізге нарық керек» деді Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Телеарна журналисті сұрағын нақтылап, сауалды қайта қойды. «ЕЭО ең алдымен Ресейдің мүддесіне жұмыс істейді деп ойлайсыз ба?».
«Мен білмеймін. Мүмкін Ресей немесе Ресейдің басшылары солай қалаған шығар. Бірақ қазір бұл одақтастық тиімді. Мәселен Қырғызстанға. Неге? Мысал келтірейін. Ресейде біздің жарты миллионнан астам еңбек мигрнаттарымыз бар. Кейбірі 20-30 жыл бойы сонда тұрады ЕЭО кіргеннен кейін оларда өз құқығы пайда болды. Оған дейін олар құл сияқты болды. Қазір біздің еңбек мигранттарымыз жұмысқа тұра алады» деді Атамбаев.
Қырғызстан 2015 жылдың тамыз айында ЕЭО кірді.