Үнді азаматы өзінің жерлеу рәсімінде оянып кетеді

/uploads/thumbnail/20170709213013494_small.jpg

Марагунди ауданындағы Дарвад ауылының тұрғыны өзінің жерлеу рәсімінде оянып кетеді. Бұл жайында  lenta.ru жаңалықтары хабарлайды.

Осыдан бір ай бұрын 17 жасар Кумар Мареваданы қаңғыбас ит тістеп алып, бірнеше күн қызуы көтеріліп, емделіп жатқан екен. Қызуы басылмай қойған жігіттің жағдайы күннен-күнге нашарлап, ауруханаға жеткізіледі.

Дәрігерлер Кумардың туыстарына инфекцияның денесіне түгелдей таралғанын және өмір сүруге мүмкіндігі қалмағанын айтады. Оның үстіне туыстары емнің ақшасын төлей алмағандықтан, баланы үйге алып кетеді.

Уақыт өте келе, үйінде емделіп жатқан жігіттен ешбір қозғалыс байқамаған туыстары оны өлдіге санап, жерлеу рәсімінің дайындығына кірісіп кетеді. Жерлеу рәсімі өтетін жерге 2 шақырымдай қалған сәтте, Кумар көзін ашып, қол-аяқтарын қозғалта бастайды.

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

Қатысты Мақалалар