Бір жасар сәбиін бөтен аулаға тастап кеткен көкек ана өз ісін түсіндіріп берді

/uploads/thumbnail/20170709213007226_small.jpg

Жамбыл ауданының тұрғыны өзінің бір жасар баласын бөтен аулаға тастап кетті, деп хабарлайды КТК жаңалықтары.

Тілшілердің айтуынша, әйел істеген ісіне өкініп, баласын қайтарып алу үшін, ауруханаға өзі келеді. Бірақ, көп ұзамай қолға түседі.

34 жасар әйел өз әрекетіне өкініп отырып, күйінішпен жағдайын түсіндіріп берді. Айтуынша, оның кәмелет жасқа толмаған тағы екі баласы бар екен. Жақында ғана ажырасып, төркініне қайтып барған. Ал, күйеуінің отбасы анадан баласын тартып алмақшы болады. Баласын бергісі келмеген ана сәбиін бөтен аулаға тастап кетіп, өзге адамдардың асырап алғанын жөн санайды. Енді, әйелге қатысты іс қозғалуда. Алайда, жағдайының төмендігіне байланысты жазаны жеңілдетуі мүмкін.

«Менің басқа мүмкіндігім болған жоқ. Уақытша болса да баладан құтылуым керек болды. Бірақ алдағы күнімді мүлдем ойламаппын», - деп ақталды әйел.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 15 ақпанында Меркі ауданының тұрғындары ауладан бір жасар сәби тауып алады. Көкек ана қыздың заттары мен хат қалдырып кеткен екен: «Оның есімі Зере. Ол бір жас, 3 айлық. Қызыма бір айдай уақыт қарай тұрсаңыздар деймін. Бір айдан соң келіп, алып кетемін». 

Қатысты Мақалалар