Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин қайтыс болды деп хабарлайды BBC орыс қызметі.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, дипломат өзіңнің 65 жасына бір-ақ күн қалғанда Нью-Йоркте қайтыс болды.
"Ресейдің көрнекті дипломаты қызмет орнында өмірден өтті. Витали Иванович Чуркинның отбасына терең қайғымызды білдіреміз" делінген РФ СІМ мәлімдемесінде.
Чуркин БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл болып 2006 жылы 8 сәуірде тағайындалған. Оған дейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің ерекше тағайындалған елшісі болған.
Нидерландтың БҰҰ жанындағы ресми өкілінің Twitter-дегі жазбасына сай БҰҰ Чуркиннің қайтыс болғанын ресми растаған. Басқа елдер өкілдері де өз кезегінде қазаға көңіл айтқан.