Ханзада күтіп шаршаған әйел өз-өзіне тұрмысқа шықпақшы

/uploads/thumbnail/20170709213115304_small.jpg

39-жасар британдық Линн Голлоджи сарыла күткен «ханзадасын» жолықтыра алмай, үміті жоғалып өз-өзіне тұрмысқа шықпақшы деп хабарлайды Daily Star.

Туысқандарын шақырып, дастархан жаймақ болып отырған әйел салтанатты мерекелік тойды сәуір айына жоспарлап отыр. Одан кейін Римге бал айына жалғыз өзі аттанбақ болып  отырған көрінеді. Голлоджи ханымның айтуына қарағанда оған жалғыз болған ұнайды, сүйіктісін іздеп шаршағандығын да жасырмады.

«Маған қарым-қатынастың қажеті жоқ  және мен осыны тойламақпын» -деді британдық әйел.  Ротерем тұрғыны мұндай шешім қабылдауына «Достар» телехикаясы түрткі болғандығын жеткізді.  Ол телехикаяда да басты рөлдегі қыз дәл осындай шешім қабылдаса керек.

Голлоджідің туысқандары оның мұндай шешіміне түсіністікпен қарап отыр. Оның алда жоспарланған тойына да көмектерін аямайтындарын білдірді.

Әрине, мұндай жағдай күнде орын алып отырған жоқ.  Логикаға сыймайтын шешім секілді. Алайда, батыстан бәрін күтуге болады, ал біздің менталитетке, сенімге мұндай ұғым мүлдем алыс. Жалғыздықта өмір сүруге талпыну феминистік көзқарасқа да жақын. Өз-өзіңмен өмір сүру, өзіңді толыққанды, ешкімді қажет етпейтін тұлға ретінде қабылдау, ер адамға деген мұқтажсыздық, нормаға сай қабылданған үлгідегі отбасын құруға деген ынтасыздық- психологиялық тұрғыдан да дұрыс қарастырылмайды. Алайда мұндай шешімге  келуге түрткі болған себептер де болуы мүмкін.  Мәселен, жоғарыда аталған әйелдің осы уақытқа дейінгі қарым-қатынастарының сәтсіз болып аяқталуы, көрген нәрсенің (телехикаяның) оның психологиясына әсер етуі, белгілі-бір тұрғыда осы мәселе тұрғысында депрессияға ұшырау-шешімді қабылдауына себеп болып отырған сыңайлы.

 

Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар