«Қырымды Ресейге жалға беру туралы жоспар мүлдем қисынға сыймайды. Айды жалға беруді де дәл осындай тәсілмен ұсынуға болатын еді». Қырым үкіметінің вице-министрі Георгий Мурадов осылай деп мәлімдеме жасады деп жазады vesti.ru
«Тарихта осы сияқты талай күлкілі ұсыныстар болған. Оның ішінде тарих пен әдебиетте факт ретінде қалғандары да аз емес. Біреулер өз көршілерінің мүлкін сатып немесе жалға беруге тырысып бақса, енді біреулер сәтсіздіктерін жөндеу үшін ақша жинаған»- деді Мурадов.
Жақында ғана New York Times газеті украина депутаты Андрей Артеменко-ның антиресейлік санкцияларды алып тастау туралы жоспары баяндалған матераилын жариялаған болатын. Депутат Украинада Қырымды Ресейге 50-100 жылға жалға беру туралы мәселені талдайтын референдум ұйымдастыруды ұсынған.
Сонымен бірге, Ресей Президенті Владимир Путиннің пресс-хатшысы Дмитрий Песков Мәскеуде бұл жоспар туралы ешнәрсе білмейтіндерін мәлімдеген. Ал, New York Times газеті журналистері өз кезегінде жариялаған мақалаларында «жоспарды» Путиннің қасындағы шенеуніктер мен депутаттар қолдап отыр деп сеніммен жазған көрінеді деп хабарлайды qamshy.kz
аударған Назерке Мұса