Наурыз мерекесін сәуірде тойлауға қалай қарайсыз?

/uploads/thumbnail/20170709213123100_small.jpg

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Наурыз мейрамын 22-ші наурыздан сәуір айына ауыстыруды ұсынды деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Өткен жылдың соңында интеллегенция өкілдерімен кездескенде Наурыз мейрамын жоғары деңгейде сәуір айында өткізуді ұсындым. Себебі 22 наурызда Павлодарда суық ауа-райы сақталады. Менің ойымша сәуір айы келгенде айдың аяғына дейін қажетті жерді таңдап, бірге мерекені атап өтуші едік» деді шенеунік.

 

Павлодар облысының әкімі айтқандай «бұл әзірше тек ұсыныс қана».

«Егер қоғам аталған ұсынысты жақсы қабылдаса, осы бағытта жұмыс істейтін боламыз» деді әкім.

Әлеуметтік желіде Бақауовтың ұсынысы қызу талқыланып жатыр. Көбі мереке күнін ауыстыруға қарсылғын білдірді, әкімді қолдағандары да болды. 

Қатысты Мақалалар