Жұмысқа бару үшін тау асатын қытайлықтар (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709213147912_small.jpg

Өз жұмысына көңілі толмайтын, әрі жұмысына барар жол нағыз ауртпалық тудыратын адамдар бүгінгі күні жетерлік. Тіпті, жұмыс орны үйіне тиіп тұрған жер болса да, баруға ерінетіндер көп. Оқушылар мектепке бармаудың жолын іздестіріп әлек болады.

Ал, енді қытайлықтардың мына өміріне көңіл аударайықшы? Тау бөктерінде орналасқан Сычуань ауданының тұрғындары орталыққа жету үшін биіктігі 800 метр болатын тауды асып өтеді екен. Үлкен кісілер жұмыстарына, оқушылар мектептеріне жету үшін жарты сағаттай уақыт алатын баспалдақтармен жүріп отырады. Бұрындары тау жолы қазіргіден қауіптірек болған. Баспалдақтары ағаштан жасалған.

Қауіпті жолдан өту кезінде 7 адам көз жұмған екен. Тау баспалдақтары – Атулер ауылынан орталыққа апаратын жалғыз жол. Көлік жүретін жол мүлдем жоқ.

Айта кетерлігі, небәрі 72 отбасы өмір сүретін ауылға екі ғасыр уақыт болған екен.   

Гүлім ЖАҚАН

Қатысты Мақалалар