Бейсен Құранбек телеарналар мен басылымдарға сұхбат беруге жиі келіспейді, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық арнасы.
Бұл – ұстаным ба, әлде өзге де себептері бар ма?
«Айтуға оңайдың» эфирге шыққанына 5 жыл болды. Бағдарлама осы бағытта қала ма, әлде өзгерістер бола ма?
«Күнделікті ұсынылатын хабарды бір жыл үзбей шығарудың өзі қиын. Ал бес жыл бойы тақырып тауып, көрермен жоғалтпай ұстап тұру – қиынның қиыны. Доғарайық деп жылда айтамын. Елдің тілегі мен ниеті, басшылықтың сұрауы болар, тоқтамай келе жатыр. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар. Біздің қоғамдағы тұрмыстық-әлеуметтік мәселелерді ортақ қазанға салып қайнатып отыратын бәрібір бір ток-шоу керек», – дейді журналист.
Белгілі тележүргізуші, сондай-ақ отбасы, қызмет, қыз бала тәрбиесі туралы пікірлерімен бөлісті. «Адам өмірінде тепе-теңдік болғаны дұрыс. Отбасын да, қызметті де қатар алып жүру керек. Басыңмен жұмысқа кіріп алу да – қателік. Бұрынғыдай емес, қазір демалысқа уақыт табуға тырысып жүрмін.
Ал қыз бала тәрбиесіне келсек, олардың білімді, тәрбиелі, ақылды болғаны дұрыс. Бірақ мұның бәрі отбасынан жоғары тұрмауы керек», – дейді.
Қоғамға белгілі тұлға үлкен қызметтерден неге бас тартты?