Қазақ радиосының эфирі реттеліп, «Алашын ардақтайтын» болды

/uploads/thumbnail/20170709213234440_small.jpg

Кесте «Республикалық радио» ЖШС Бас директоры мен оның орынбасарының 2 ай бойы барлық хабарларды тыңдап, терең талқылаудан өткізуінің нәтижесінде қабылданды. Бұл туралы корпарация таратқан ақпаратқа сілтеме жасап «Қамшы» порталы хабарлайды.

Талқылау қорытындысы бойынша,  «Алаш ардақтылары», «Әжемнің әңгімесі», «Әріптестер не дейді?», «Зерде», «Дәуір үні», «Дәуір дүлдүлдері», «Әлем жауһарлары», «Көңіл көзі», «Көзайым», «Ұлағат», «Қаламгер, «Заң-тәпсір», «Халық пен салық», «Ауылым – алтын бесігім», «ЭКСПО», «Экспорт», «Саяси сараптама» сынды танымдық және салалық сараптамалық хабарлар мен «Шамшырақ», «Таным», сонымен қатар, жүйеленіп, бір ізге түсірілген «Лирикалық сағат» секілді үлкен жобалар әзірленді.

Енді,  «Ақ тілек» құттықтау бағдарламасы 14:00-15:00 аралығына көшіп, «Шамшырақ» ақпаратты-сазды көңілашар бағдарламасының 19:00-20:00 аралығындағы бір сағаты Алматы студиясындағы жаңалықтармен жалғасады.

Сонымен қатар, ел руханиятындағы ақпараттарды (әр жарты сағат сайын эфирге шығатын жаңалықтардан бөлек) «Шамшырақтың» астаналық шығарылымынан, ал, Алматы мен Жетісу жаңалықтарын алматылық шығарылымынан тыңдай аласыздар.

Радио эфиріндегі 22:00-23:00 аралығы «Таным» сағаты болмақ. Яғни, бұл сағат барысында көңіл көкжиегін кеңейтуге арналған «Ақсүйек», «Жас толқын», «Өнегелі өмір», «Қыздар не дейді?» бағдарламалары шықпақ.

Аптаның бес күнінде эфирге шығатын қазақ халқының дәстүрлі танымына негізделген бағдарламаларға хабарласып, сырласуыңызға да мүмкіндік бар. Радио эфиріндегі 23:00-24:00 аралығында қыздар поэзиясына арналған «Гүлсезім»,саңлақ ақындардың жырларын арқау ететін «Жүрек сөзі», орта буын шайырлардың шығармашылығына арналған «Сәруар», жастар поэзиясына арналған «Жырлайды жүрек», сондай-ақ, қазақ ән өнерінің жарық жұлдыздарына айналған тұлғалардың ретро әндерінен берілетін «Сағыныш сазы» атты концерттік бағдарламаны тыңдай аласыздар.

Ал, өз мақсатына сай жұмыс жасап келе жатқан бағдарламалар жалғаса беретін болады.

Қатысты Мақалалар