Серікті дұрыс таңдау – бала сұлулығына әсер етеді

/uploads/thumbnail/20170709213230263_small.png

    Сұлулық – «үлкен бизнес». Сізге ұнаса да, ұнамаса да, сырт келбетіңіз арқылы өзгелерге әсер етесіз. Дүниеге келгеннен бастап, жұмысқа тұру кезіндегі әңгімелесу кезеңіне дейін cырт келбетіңіз маңызды болып табылады.

Австралиялық ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, сұлулық – бұл ген тазалығының емес,  доминанттылықтың белгісі.

Тарихқа үңілсек, сұлулық ұғымының шығу тегі сонау эволюция тарихымен байланысты.

«Біздің сүйкімді адамдарды жақын тартатынымыз- эволюциялық бейім. Осы бейімнің есебінен адамдар бір-біріне дені сау, мықты серік іздейді. Алайда зерттеулер көрсетіп отырғандай адамның рекпродуктивті жетістіктері денсаулығына байланысты емес - дейді  Батыс Австралия университетінде сұлулық ұғымын зерттеуде көп еңбек сіңірген Джиллиан Родстың (Gillian Rhodes) жолын қуған бір топ ғалымдар.

 

Чарльз Дарвин де бұл мәселеге байланысты өзінің ой-толғамдарын жасаған. «Эволюция» теориясынан соң 12 жылдан кейін «жыныстық іріктеу» деп аталатын теориясын ұсынған. Яғни, бұл теория бойынша адамдар бір-біріне серік іздеу, таңдау барысында іріктеу жүргізеді. Ол іріктеуде адамның әсіресе, ер адамдарға қатысты доминанттылық қасиетіне, мән беріледі. Бұл тек, адамдарға ғана емес барлық тірі организмдерге тән сипат. Қарапайым тілмен айтқанда, әйел адам ер адамның күші, энергиясы, доминаттылығына тәуелді болғандықтан, осындай сипаттағы серік іздейді. Дәл осындай доминантты тапқан жағдайда, екеуінің ұрпағы сұлу әрі дені сау болатыны дәлелденіп отыр.

Алайда заманауи әлемд, серік таңдауда адамдар басқа да аспектілерге назар аударады. Эволюция тарихы гипотезасына, сұлулық, денсаулық гипотезасына сүйенсек, қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі мен жағдайына қарай шарттар да өзгерген.

Мәселен бүгінгі күні аталған іріктеу шарты шығармашылық және әлеуметтік ресурстармен алмастырылып отыр. Дәл осы ресурстардың неғұрлым сапалы әрі дұрыс, ұнамды болуы потенциалды серікті жанымызға жақындата түседі.
Осы тұста, физиологиялық белгілердің маңызы төмендеп қалғандығы белгілі болып  отыр.



Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар