Жапония жұлдыздарының құлдыққа айналған өмірі

/uploads/thumbnail/20170709213339898_small.jpg

Жапониялық поп-жұлдыздардың өмірі адам сенгісіз. Өнер жолына келген күннен бастап жапон әншілерінің қол-аяқтары байланады, әр басқан қадамы продюсерлерінің көз алдында болады, келісімшартқа отырады. Шарт бұзылған жағдайда, әнші қатаң жазаланады. Жай жаза емес, дүйім жұрттың көз алдында жазаға тартылады екен. Бұл жайында ақпарат lenta.ru сайтында жарияланды.
 

Соңғы мүмкіндік

Жапония әншілері бірден жұлдызға айналып кете алмайды. Халықтың көзіне түсіп, атақты болу үшін бірнеше жылдарын тек өнер жолына арнайды. Сондай әншілердің бірі – Мику Танабе.

Мику Танабе 10 жылдан аса жапондық АКВ48 рок-группасының мүшесі болды. Топ құрамында 300-дей қатысушы болғандықтан, оны ешкім есінде сақтап қалмаған. 2014 жылы топ жанкүйерлері ең танымал әншіні таңдағанда, Мику 71-орынды иемденді. Ол тіпті телеарналарға да шақырылған жоқ, ал концерттерде ең соңғы орындарда тұратын.

Жапонияда әншінің жасы 25-ке толғанда топтан шығарылады. Ал, Микудың жасы 24-ке толғанда, атақ-даңқ, мәртебе жайындағы ойлардан үмітін үзеді. Бірақ өз блогында «Соңғы жылдар қалса да, мен қолымнан келгенін аянып қалмаймын» деп жазды. Әншінің ең соңғы мүмкіндігі болды – «Тас, қайшы, қағаз» ойынында жеңіске жету.

Ол ойынға АКВ48 тобының кез-келген мүшесі қатыса алады. Егер Мику ойында жеңіске жетсе, продюсерлер оған топта бірнеше жыл жеке ән салушы болуына мүмкіндік береді. Бұл ойынға бойжеткен 6 жылдан бері қатысып келеді, бірақ әрдайым жеңіліс тапқан.

Алайда, соңғы мүмкіндігі сәтті болды. Мику қарсыластарының алдын орап, ақыры жеңіске жетеді.

Мику Танабе жеңіске жету үшін өнер жолына 10 жылғы өмірін арнап, ақыры өзін көрсететін мүмкіндікке ие болды. Топтың жеке әншісі болды. Топтың 7 мүшесімен бірігіп, ән жаздырды. Бұндай мүмкіндіктің екінші қайтып келмейтінін түсінген Мику танымал атану үшін қолдағы бар мүмкіндігін пайдаланды.  

 J-Pop лагеріндегі әншілердің жұмыс күндері

Жапония продюсерлері өз әншілеріне қарапайым жұмысшы ретінде қарайды. АКВ48 сынды топтың құрамына кіру үшін үміткердің дауысы да, таланты да, тіпті сыртқы келбеті де маңызды болмайды. Батыстың әр танымал адамы халық үшін құдай іспетті болса, Жапония мен Оңтүстік Кореяның әншілерінің қарапайым жұмыскерлерден еш айырмашылығы жоқ десе де болады.

Жапонияда поп-жұлдыздарын «пұт» деп атайды екен. Пұттар, біріншіден, бар өмірлерін карьераға арнау жөнінде келісім шартқа қол қояды. Олардан талант пен сұлулық талап етілмегенімен, алда оларды жұмыстың ең ауыры күтеді.

Топқа жаңадан қосылған мүшелер арнайы жатақханаларға жіберіледі. Жатақханада қыздарға әрдайым дайындық өткізіледі: ән айту, би билеу, сондай-ақ актерлік шеберлік курстары өтіп түрады.

Ең бастысы, келісімшартта көрсетілгендей әртістерге романтикалық қарым-қатынасқа тыйым салынған. Ешқандай кездесулердің болмауын қатаң қадағалайтындар да бар. Пұттардың ары таза болуы шарт екен.

Миссури-Сент-Луис университетінің профессоры Лаура Миллер осыған қатысты өз пікірін жеткізді: «Қыздың басы бос болса, жанкүйерлері де көп болады. АКВ48 тобы бұл жағдайды тиімді бизнеске айналдырып отыр. Сатылымға шыққан әр дискке «сүйікті пұтыңмен кездесіп, қолын алатын мүмкіндігің бар» деп жанкүйерлеріне арнап жарнама жасап қойған.

Тыйым салынған махаббат

Топ мүшелеріне жігітпен кездесуге тыйым салынғандықтан, жасырын түрде кездесулерге шығып жүрген әртістер болды. Жасырын кездесіп жүріп, ұсталып қалған әртістердің бірі – Минами атты әнші. Келісім шартты бұзғаны үшін Минамиды шашын тақырлап алып тастау арқылы жазаға тартты. Камера алдында Минами жылап отырып, жанкүйерлерінің және топ басшыларының алдында кешірім сұрады.

Ақыры, қыз топтан қуылмайтын болды. Есесіне, ең соңғы қатарда тұрып өнер көрстеуге мәжбүр болады. Бұл топ мүшелері үшін ауыр жаза болып табылады.

«Пұттар» деп атап жүрген әншілер де тірі пенде емес пе? Бұндай жағдай бірнеше әртістің басынан өткен. Бірнеше әншінің мансабы жасырын кезедсулердің кесірінен тоқтап қалған. Рино Сасихара есімді әнші бұрынғы жігітінің кесірінен жазаға тартылды. Жігіті қыздың интимді суреттерін желіде таратқаны үшін, Рино шоу-бизнесі дамымай қалған Токиоға айдаллды.

Айта кетерлігі, бұндай келісім шарт тек қыздарға ғана емес, жігіттерге де қатысты. KAT-TUN тобының мүшесі Дзин Аканиси жасырын үйленіп алғанының кесірінен, өнер жолындағы барлық мүмкіндіктерінен айырылады.

Шартты бұзғандар (жолдан тайғандар)

Продюсерлердің мазағына шыдай алмай, шығып кеткен «пұттар» да болды. Жігіттерден құралған SMAP тобы продюсерсіз, жеке топ болып құрғылары келген екен. Ақыр соңында, әншілер телеарнаға шақырылып, SMAP тобының жетекшісі 84 жасар Джонни Китагавыдан жұрт алдында кешірім сұрады.

Бұндай жаза Жапонияның көп әншілері үшін үлкен сабақ болды.

Аударған: Гүлім ЖАҚАН  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар