«Казиранга» саябағында екі жылда елу адамның не үшін көз жұмғанын естіген жұрт жағасын ұстады

/uploads/thumbnail/20170709213634112_small.jpg

Әлем бойынша мүйізтұмсықтар жойылып кетудің алдында тұрғанда, Үндістанның ұлттық «Казиранга» саябағы аталмыш жануарды көбейте алды. Ол үшін аңшыларды атуға заң бойынша рұқсат берілген. Саябақта 50-ге жуық адам көз жұмған екен. Алайда, оның барлығы браконьер емес болып шыққан.

Үндістан мүйізтұмсықтарының көлемі Африкадағылармен салыстырғанда кішкентай. Сондықтан броконьерлер оған көп уақытқа дейін назар аудармаған. Алайда ақ, қара мүйізтұмсықтылар жойылып кеткеннен кейін, «Казиранга» саябағындағы жануарды назарға алған.

Көптеген адамдарда мүйізтұмсықтының мүйізі рак пен эректилді дисфункцияны емдей алады деген қате сенім бар дейді сарапшылар. Осыған байланысты оған деген сұраныс көп және мүйіз өте қымбат тұрады. 100 граммы 6000 долларға бағаланады.

Саябақ қызметкерлеріне браконьерлерді атуға рұқсат берілгеннен кейін мүйізтұмсықтылардың саны артқан. Алайда саябаққа жақын маңда тұратын халық зардап шеге бастады. Қарапайым адамдар жиі қателікпен оққа ұшатын болған.

Оның ішінде 7 жастағы Асак Орангта бар. Оның аяғынан атып жіберген. Асак енді ешқашан бұрынғыдай жүре алмайды. Әзірше ағасы оны көтеріп жүр.  Саябақ басшылығы өтемақы ретінде 3000 доллар берген.

Тұрғындар саябақ қызметкерлері өз қызметін асыра пайдаланады деп шағымданады. Бірақ олардың бұл шағымына құлақ асатын ешкім болмай отыр. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар