Орал қаласының тұрғыны 4 жастағы баласын пышақпен бауыздай жаздады

/uploads/thumbnail/20170709213846101_small.jpg

Психикалық ауытқушылығы бар әйел өз баласының көкірегіне пышақ сұғып, өлтіре жаздады, деп хабарлайды informburo.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Төрт жастағы бүлдіршін кеуде тұсындағы пышақ жарақатымен ауруханаға келіп түскен. Баланы ауруханаға анасының өзі алып келіпті. 30 жастағы әйел өз баласын өзі өлтірмек болғандығын айтқан.

«Бүлдіршінді ауруханаға ауыр халде жеткізген», - деп мәлімдеді БҚО-дағы балалар хирургиясының бастығы Александр Гехман.

Аталмыш оқиғаға қатысты дәрігерлер дереу полиция қызметкерлеріне хабар берген. Баланы ем қабылдау бөлімінен ауыстырғаннан соң оны кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бейімдеу орталығында анықтаған. Бүлдіршінді балалар үйіне өткізу мәселесі қаралып жатыр.

«Бала бізге келгенде қатты шошынып қалған еді. Тоқтаусыз жылай берді. Бүлдіршін аурухана қызметкерлеріне өз оқиғасын баяндап бергенде, барлық дәрігерлер көздеріне жас алды. Анасы оны автобус аялдамасына алып келіп, ауызын жауып тұрып кеудесіне пышақ сұға бастаған. Шошынған бала: «Мама, қажет емес, қатты ауырып кетті!» деп айғай салған. Сол кезде анасы пышағын суырып алып, баланы ауруханаға жеткізген», - деп хабарлады кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бейімдеу орталығының директоры Роза Сүйіншәлиева.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың анасы психикалық ауруға шалдыққан болуы мүмкін. Ол әлі күнге дейін тұтқынға алынған жоқ, үйінде отыр. Қаскөй ананың айтуынша, ол баласын өлтіріп, кейіннен өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар