Ғалымдар Жерге ұқсайтын өзге жеті ғаламшар тапты

/uploads/thumbnail/20170709213840017_small.jpg

Аэронавтика және ғарыш кеңестігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарма агенттігінің зерттеушілері көлемі жағынан Жерге ұқсайтын 7 ғаламшарды анықтады, деп хабарлайды Қамшы порталы, bbc.com сілтеме жасап.

Бұл ғаламшарлар TRAPPIST-1 атты ультра-салқын күлгін түсті жұлдызшалары бар орбита мағынан табылған. Су қалдықтары табылған бұл ғаламшарлар көлемі жағынан Жерге ұқсас екен.

Льеж университетінің астрономы Мишель Гийон пресс-конференцияда табылған ғаламшарларға байланысты өз пікірін білдірді:

«Ғаламшарлар бір-біріне тым жақын орналасқан. Сонымен қатар, ғаламшарда су қалдықтары мен тіршілік көзінің бары ғажап емес».

Астрономдардың айтуы бойынша, экзоғаламшарларды «Спитцер» ғарыштық телескобының көмегімен тапқан. Осы телескоптың көмегімен орындалған жаңа ашылу ғалымдар үшін өте маңызды процесс.

 7 ашық ғаламшар Жерден 30-40 жарық жыл қашықтықта. Балтимордағы ғарыштық зерттеу институтының астрономы Николь Льюистың айтуы бойынша, бұл ғаламшарларға Жерден  реактивті ұшақпен 40 миллион жылда ұшып баруға болады екен.

Бүгінгі уақытқа дейін ғалымдар «Жерге ұқсас» деп он шақты ғаламшарды анықтаған болатын. Алайда, ешқандай ғаламшар дәлелдерге негізделмеген.

Кембридж университетінің зерттеушісі Амори Трио TRAPPIST-1 орбитасының маңынан табылған ғаламшарда жылуды сақтап тұратын атмосфераның барын анықтады. «Әлемде тіршілік ететін ғаламшарлардан Жердің ғана болуы міндетті емес қой» деп айтты сұхбатында.

Жалпы, НАСА тізімінде 3449-ға жуық ғаламшар анықталған екен. Алайда, соңғы ашылу ел ғалымдарының көңілін өзіне аудартуда. Себебі, TRAPPIST-1 жұлдызы көлемі жағынан басқа жұлдыздарға қарағанда кішкентай және жарық бтарату жылдамдығы да бәсеңдеу. Осы уақытқа дейін өзге ғаламшарлықтар жөніндегі таралаған әңгіме, бүгінгі ашылуда расталған секілді.  

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

Қатысты Мақалалар