Астанадағы Ұлттық пантеон діни алауыздыққа себеп болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709213903573_small.jpg

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша, бұл құрылыстың салдарынан мұсылмандар мен христиан діні өкілдерінің арасында араздықтар туындауы мүмкін. Ол мұсылмандар мен христиандарды бір молаға жерлеу ертең түрлі түсініспеушіліктерді туғызатынын ескертіп отырғандай. Бұл туралы ойын ол Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазады.

«Ұлттық пантеон құрылысына қыруар қаржы бөлініп жатыр. Ол жағына мен араласпай-ақ қояиын. Бірақ мәселенің дін маманы ретінде мен араласпасам болмайтын тарабы бар. Пантеонда мұсылмандар мен өзге дін өкілдері бөлінбеген. Қатар жерленуде. Бұл шариғатқа да, қазақ дәстүріне де қайшы. Ғұламалар басқа дін өкілдерінің зиратына жерленген мұсылманды қайта жерлеу керектігін айтқан. Мұның алды алынбаса болашақта діни дүрдараздыққа, тіпті ұлтараздыққа себеп болуы мүмкін. Ертең басқа дін өкілдерінің əруағына құрмет ретінде зират басында арағын ішіп, шариғатқа қайшы түрлі əрекеттерін жасап жатқанын көрген мұсылман баласы қандай күйде болуы мүмкін?!», - дейді дін маманы Қайрат Жолдыбайұлы.

Айта кетейік, Астана қаласында танымал адамдар жерленетін Ұлттық пантеонның құрылысына бюджеттен 1,7 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын.

Қатысты Мақалалар