Бүгін Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі, заңгер Абзал Құспанның туған күні. Ол, 1978 жылы 23 ақпанда өмірге келген.
Абзал Құспан ұлттық мәселелерге үн қатып жүрген танымал заңгер. Ол Жаңаөзен оқиғасы кезінде құқығы тапталған халықтың жағында болды. 2016 жылы тұтас республикада халық өре түрегелген жер мәселесінде де үнсіз қалған жоқ. Ол үнемі ұлтшылдардың жанында болды һәм ұлттың сөзін сөйледі. Қазақ тілді БАҚ беттерінде Абзал Құспанның түрлі әлеуметтік мәселелерге орай заңгерлік кеңестері жиі жарияланып тұрады.
Халықтың сөзін сөйлеп, ісін істеп, ұлтына адал қызмет етіп келе жатқан азаматтардың бірі Абзал Құспанды Тәуелсіз "Қамшы-ақпарат" қоғамдық қоры "Қамшы" порталы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Қазақ хандығына 550 жыл" медалімен марапаттаған болатын.