Аиза Мұхаметкәрімова атты бойжеткенді өзінің туған бөлесі зорлықпен төсек қатынасына жыққан, деп хабарлайды 365info.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Оқиға 2016 жылдың 14 сәуірінде Өскемен қаласында қыздың туылған күнінен кейін орын алған. Туған күн иесі туысқан әпкесі және әріптесімен бірге жергілікті кафелердің бірінде туылған тойлап, көңіл көтеріп отырған. Кейіннен бөлесі Рауан Ермұханды да қуанышына ортақтасуға шақырады.
– Мен жалғыз тұратынмын. Біз үйге түнгі бірлер шамасында оралдық. Мен ұйықтауға жатып қалған болатынмын, ал Ермұхан тоңазытқыштан коньякты алып ішті, өзім рұқсат еткенмін, - деп баяндады Аиза. – Шамамен бір сағаттан соң ол мені оятып, өзіне ішімдік алып келу үшін таксиге ақша сұрай бастады. Оған ақшаны бердім де, қайтадан жатып ұйықтап қалдым. Кейін ол мені тағы да оятып, өзімен бірге ішімдік ішуді ұсынды, мен бас тарттым. Алайда ол бой бермеген соң, қасына отырып бір бокал пиво іштім. Ол кезде Ермұхан бір шөлмек арақты тауысып тастады да, маған оғаш қылықтар көрсете бастады. Мен оған екеуміздің ағалы-қарындас екенімізді ескерттім, алайда ол ешнәрсені түсінбеді. Кейіннен орнынан атып тұрып, маған тиісе бастады, қолымды қайырып, зорлықпен төсек қатынасына жықты. Жарты сағаттай қарсыластым, алайда ол жынданып кетті де, сексуалды түрде мазақтай бастады. Сонымен қатар ол баяғыдан өзіне менің дене бітімім ұнайтынын, менімен төсек қатынасына түсуді біраздан бері армандап жүргенін айтты. Жыладым, айқайладым, жалбарындым, алайда ол м маған мүлдем құлақ аспады. Маған қатты ауыр болды, әбден әлім құрып кетті. Ол айқайға салып, оның қалауын орындамасам, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты. Екеумізді де өлтіріп қояды ма деп қатты қорықтым. Ойындағы арам пиғылын іске асырып бола салысымен Ермұхан ұйықтап қалды. Тозаққа айналған бұл оқиға таңғы 7-лер шамасында аяқталды. Мен дереу киініп, далаға шығып кеттім. Көшеде бір әйел өтіп бара жатып, маған өз көмегін ұсынды да, полиция шақырды. Оны тұтқындағанда әлі ұйықтап жатқан болатын.

Сот материалдарында көрсетілгендей, Ермұхан басында өз кінәсін толықтай мойындаған.
– 17 сәуірде-ақ ол маған Вконтакте желісінде өзін кепілмен босатқанын жазып жіберді. Бұл оқиға өте ұят және оны түрмеге жабатын болса, асылып қалатындығын айтты да, із-түссіз жоғалып кетті.
2016 жылдың мамыр айында Ермұханға іздеу салып, қыркүйек айында ғана Қарағанды қаласында қолға түсірген.
Сотта оның жүзінен еш өкініш байқамадым. Онысымен қоймай, мені бірінші жабыса бастады деп мәлімдеді. Ермұханның бұл сөзіне оның анасы да, қорғаушысы да қосылған.
Ермұханға қарсы Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалған – 120 және 121. Алайда оны тек зорлады деп қана айыптады да, басқа сексуалды қылықтарын дәлелдер жоқ деп теріске шығарды. Зорлық көрсеткен қылмыскерге 2017 жылдың 9 қаңтарында шығарылған үкімді Өскемен қалалық сотында оқып берді. Оны 3 жалға бас бостандығынан айырып, түзету колоннасына жіберілуі керек болған.
– Прокуратура соттың шешіміне қарсы аппеляциялық сотқа шағымданғанын білемін. Алайда, ол сотқа қатысқым келмейді. Бұл сұмдықтан әбден шаршадым, - деп ағынан жарылды Аиза. – Бірнеше күн бұрын таныс заңгерлерден мынадай жаңалық естідім: ол рақымшылыққа ілініп, жуық арада бостандыққа шығайын деп жатыр екен. Сонымен қатар, ол тек екі жағдайда рақымшылыққа іліге алмас еді: мен кәмелет жасқа толмаған болсам немесе мені өлтірген болса дейді.
Аизаның айтуынша, аталмыш оқиғадан соң қызға анасы хабарласқан, ол зорлық көрсеткен қылмыскердің анасынан, яғни әпкесінен мән-жайды естіген екен. Анасы қызының жағдайын сұраудың орнына, оған кешіріммен қарап, арыз жазбауын сұраған. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін екі рет істі болған ағасына аяушылық танытуын өтінген.
Бұл оқиғадан кейін де Аиза мен Ермұханның аналары, апалы-сіңлілер, баяғы қалпынша ара-қатынасын үзбей араласып жүр. Ал Ермұханның сот ісінде ықпалды ағасы бар, әкесі алқаш екен.
Аударған: Назерке Лабихан