Әзірбайжан президентіне енесін Қорғаныс министрі етіп тағайындау ұсынылды

/uploads/thumbnail/20170709214105072_small.jpg

Әзірбайжан президенті өзінің жары Мехрибан Әлиевті вице-президент етіп тағайындағаны жайлы кеше сайт бетінде жарық көрген болатын. Ильхам Әлиевтің бұл шешімін құп көрген Қазақстан мұсылмандар одағы мен Орта Азиядағы адам құқығына қатысты Мұсылмандар комитеті әзірбайжандық мұсылмандардың қолдауымен мемлекеттегі Қорғаныс Министрі етіп енесін тағайындауды ұсынып отыр. Тарихи мәліметтерде көрсетілгендей, тек ене ғана мемлекеттің қорғанысымен қатар елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады екен, деп жазады rezonans.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

ҚМО мен Орта Азиядағы АҚМК басшылығының айтуынша, билікке жақын туыстарды тағайындау арқылы шенеуніктердің арасындағы алауыздықтың алдын алып, елді дұрыс жағынан басқаруға болады.

«Сіз елдің тағдырына үлкен пайдасын тигізерліктей мықты шешім қабылдадыңыз. Жағымсыз пікір білдірушілерге назар аудармай, осы қалпыңызда жалғастыра беріңіз», - деп жазылған мұсылмандар көшбасшыларының бірінің хатында.

Әзірбайжан президентіне көмектесу ниетінде қазақстандық мұсылман қауымдастығы оған үш аруды әйелдікке беруге дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар оларға биліктегі өте жауапты қызметтерді сеніп тапсыра алатындығын айтты.

«Сіз нағыз мұсылман ретінде төрт әйел алуға толықтай құқылысыз», - деп жазылған аталмыш хатта.

Аударған: Назерке Лабихан

Қатысты Мақалалар