Қостанайда 2 жасар бүлдіршін қыз йогурттан уланып көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709214120104_small.jpg

Соңғы күндері  WhatsApp мессенджері арқылы Қостанайлық 2 жасар бүлдіршін йогурт жеп уланып қаза тапқаны туралы ақпарат таратылып жатыр. Бұл туралы kstnews.kz сайты хабарлайды. Ақпаратты таратып жатқан аты жөні белгісіз Қостанай тұрғыны. Таратылып жатқан ақпарат мазмұнына сүйенсек, көршінің кішкене қызы супермаркеттен сатып алынған йогуртты жеп уланған.

WhatsApp арқылы таратылған аудиожазбада:

«Бұл оқиға бір апта бұрын орын алған. Қызды Астанаға алып кеткен болатын, енді бүгін оның мәйітін алып келді» делінген. Одан кейін әйелдің жылаған даусы естіледі.

Қаза тапқан қыздың анасы нақты не сатып салғанын ұмытып қалған. Чекті жоғалтып алған. Қолында екінші баласы қалған әйел қазір жаназамен айналысып жатқан көрінеді.

Жазба соңында әйелдің жылап, көпшілікке абай болуын ескертеді.

 

 

Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар