«Түркия дамыған елдер қатарына ену мақсатында алған бетінен қайтпайды», - деп мәлімдеді президент Реджеп Тайип Ердоған, деп жазады enter.news, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
«Біз халыққа берген уәдемізді орындаймыз да, елімізді ең жақсы дамыған елдер қатарына қосамыз», - деп басып атты ол.
Оның айтуынша, билік басындағылардың өзара текетірестері мен келіспеушіліктері Түркия еліне үлкен шығын алып келді.
«Бүлік туғызушылардың кесірінен болған саяси соғыстың салдарынан еліміз әлі күнге дейін экономикалық дағдарысты басынан кешіруде. Біздің дұшпандарымыз 16 сәуірде Түркияда конституциялық референдум өткен күні заң шығарушы органдар үшін ең соңғы күн болады деп ойлайды. Мұндай тұжырымдардың барлығы да негізсіз болып табылады», - дейді Түркия президенті.
Тайип Ердоғанның айтуынша, 2016 жылдың 15 шілдесінде бүлікті басуға барынша күш жұмылдырғаннан соң ол қайтадан күшіне ене бастады. Түркия – түрлі бүліктерге, саяси соғысқа, дағдарыс пен шабуылдарға қарсы тұра білген іргесі мықты мемлекет.
«Бұқара халықтың қолдауы билік үшін өте қатты қажет. 50 пайыз халықтан қолдау тапқан жағдайда билік өкілдері қоғамды дамытуға арналған түрлі жобалар мен доспарларды іске қоса алады», - деп мәлімдеді Ердоған.
Аударған: Назерке Лабихан