1400 жыл бұрын азаппен өлтірілген ер адамның қаңқасы табылды

/uploads/thumbnail/20170709214218219_small.jpg

Палеонтологтар тобы ер адамның қаңқасын тауып, сыртқы келбетін жасап шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz Данди (Шотландия) университетінің Joinfo.ua сайтына сілтеме бере отырып. 

 

Қаңқаны тапқанда оның екі аяғы айқасып тұрған. Ал саусақтары үлкен тастармен басылған. Денені зерттеу барысында ер адамның өліміне себепкер болған басынан алған бес ауыр жарақат екені белгілі болды.

 

Данди университетінің профессоры Блэк табылған қаңқаға қатысты мынадай пікір білдірді: «Бұл қаңқа өте жақсы қалыпта сақталған. Оның сүйектерін зерттеу барысында оның қысқа ғұмыры мен өлімі туралы ақпараттар білдік. Оның бет әлпетінен оның жас кезінде көз жұмғанын біле аласыз. Ол азаптап өлтірілген. Ер адам ең аз дегенде басынан бес ауыр жарақат алған».

 

Бірінше соққы басы дөңгелек келген құралмен ұрған. Нәтижесінде оң жақ жағындағы тістері сынған. Екіншісі сол құралмен немесе таяқпен ұрып, сол жақ жағын сындырған. Үшінші соққы ер адамды аяғынан құлатып басынан қатты жарақат алған. Төртіншісі бас сүйегін жарып жіберген. Бесінші соққы бас сүйегін одан әрмен ойып түсірген.

 

«Әзірше бұл адамның неліктен өлтірілгені белгісіз. Оның денесі жерленген жер бізге сол замандағы мәдениеттен хабар берсе керек. Бәлкім бір адамдармен жанжалдасқан болар» деп топшылайды ғалымдар.

Аударған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар