Американың сиқыршылары Трампқа қарсы күштерін біріктірмек

/uploads/thumbnail/20170709214816809_small.jpg

Американың сиқыршылықпен айналысатын әйелдері Дональд Трампқа қарсы тұру үшін өз күштерін біріктіретінін жариялады. Бұл жөнінде Lenta.ru хабарлайды.

Facebook желісі арқылы олар 24 ақпанның түнінен бастап «Трампты және оның қолдаушыларын, көмекшілерін тұсалап тастаймыз» деген магиялық жосын-жоралғыларды жасап тұруға үндеді. Жоралғыларды Ай батып бара жатқан кезде жасау керек екен және олардың алғашқысы Вашингтон мен Нью-Йорк уақытымен түн ортасына белгіленген.

Дуагер әйелдер қатысушылардың әрқайсысына «өздері жақсы көретін жоралғыны немесе магиялық жүйені» қолдануға кеңес береді. Кейбір қоғамдастықтарда мұның барлығы топпен жасалмақ, ал жеке сиқыршылар Facebook, Twitter және басқа да әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығып тұруға уағдаласып отыр.

Қатысты Мақалалар