Түрікияның Орду қаласында «Кітап кафе» ашылды. Кез келген адам осында келіп кітап оқып, тегін тамақ ала алады. Бұл жайында ақпарат hibatulla.kz сайтында жарияланған.
Келушілер кафеде қалағанынша отыра берсе болады, кафе тәулік бойы жұмыс істейді.
Мұндағы тегін мәзірге шай, кофе, су, макарон өнімдері, сорпа және жеңіл тағамдар, кепкен нан кіреді. Кафені ашқан бастамашыларының айтуынша, бұл жастарды оқуға тартуға көмектеседі.