Ақтөбе әкімі Димашты әуежайдан қарсы алмақшы

/uploads/thumbnail/20170709214809105_small.jpg

Бүгін кешкі сағат 20:20-да Димаш Құдайбергенов Ақтөбе әуежайына тоқтайды. Әлемді аузына қаратқан әншіні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзі күтіп алмақ деп хабарлайды qamshy.kz. Бұл туралы фейсбук қолданушысы Қуат Әбілқайыр өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады:

"Құрметті ақтөбеліктер! Біздің уақытпен кешкі сағат 19:20-де (Астана уақытымен 20:20) әнші жерлесіміз Димаш Құдайбергенов Қытай тілшілерімен бірге ұшып келеді. Әуежайдан қарсы алуға облыс әкімі Б.Сапарбаевтың өзі барады. Сонымен қатар, Димаштың тыңдармандары мен қала жастары болады. Барайық! Барымызды бағалайық!"

Қатысты Мақалалар