ШҚО-да құлаған тікұшақ Семейдің бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйеліне тиесілі

/uploads/thumbnail/20170709215139000_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысында апатқа ұшыраған жолаушылар тікұшағы Семей қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі - Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болған, - деп хабарлайды ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

2009 жылдың 27 тамызында құрастырылған "Стрекоза 7-Gazelle SA341" тікұшағының зауыттан шыққан нөмірі - ЕЭВС.02.0325. Борт нөмірі - UP-LA246, ұшу салмағы: 1800. 2016 жылдың 22 желтоқсанында тікұшақ 1087 нөмірімен Қазақстанда тіркелді. Ұшу жарамдылығының мерзімсіз сертификаты 2016 жылдың 23 желтоқсанында берілді. Жалпы мақсатта пайдалануға рұқсат етілген. 

Тікұшақ Тұрлыханова Ғафура Мұхатбекқызына тиесілі. Ол Семейдің әкімі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының және ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, осы министрліктің көлік бақылау комитетінің төрағасы болған. Ашық ақпарат көздерінде соңғы жұмыс орны ретінде "Вокзал-Сервис" АҚ президенті деп көрсетілген.

  Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған. Оны іздеуге облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы ұшып шықты. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды. Іздестіру жұмыстарына ШҚО ТЖД жеке құрамынан және аудандық ІІБ 29 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Жерігілікті атқару органынан 10 адам және 5 техника шықты.
 

Қатысты Мақалалар