Қытай Ислам қоғамы халал стандартымен сертификаттауды тоқтатты

/uploads/thumbnail/20170709215231969_small.jpg

Қытай Ислам қоғамы(伊斯兰教协会) бұдан былай тек экспортқа шығатын белгілі бір өнімдерден басқа өнімдердің бірде-біріне хала стандартын сертификация жұмысын тоқтататынын мәлімдеді деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Тиесілі органдардың халал азықтарды басқаруды күшейтуіне сай, «Халал(清真.Мұсылманша)» ұғымының жалпыланып кетуінің алдын алу мақсатында Қытай Ислам қоғамының зерттеп бекітуімен экспортқа шығатын құс пен мал етінен басқа тауар түрлеріне куәландыру берілмейді. Бұған дейін жасалған барлық куәландыру келісімдері мерзімі аяқтағаннан кейін келісім жасалмайтын болады», делінген арнайы мәлімдемеде. Онда биылғы жылдың 17 ақпаны көрсетілген.

Айта кетер болсақ, қытайда 20 миллионнан астам мұсылман халықтар өмір сүреді. Олар негізінен түркі тектес этникалық қазақтардан, этникалық ұйғырлардан, этникалық қырғыздардан және дүнгендерден құралады. 

Қатысты Мақалалар