«Оскар» сыйлығының ұйымдастырушылары «Ла-Ла-Ленд»-ті жыл фильмі ретінде қателесіп айтқанына кешірім сұрады деп хабарлайды lenta.ru. Шын мәнісінде аталмыш номинацияны «Лунный свет» фильмі жеңіп алған.
«Оскар» сыйлығымен марапаттау рәсімінің жүргізушісі Джимми Киммел қателігі үшін кешірім сұрады.
Бастапқы кезде «Оскарды» «Ла-Ла-Ленд» мюзиклі алғаны хабарланып, түсірілім тобы сахнаға шығып, алғыстарын жаудырып жатқанда, ұйымдастырушылардың бірі сахнаға шығып, қателік болғанын айтып, «Лунный свет» фильмін «Жыл картинасы» номинациясында жеңіске жеткенін хабарлады. Бірнеше минут бойы сахнада тыныштық орнады. Сахнадағылар мұны әзіл деп ойлады. Алайда жүргізушінің жеңімпазды қателесіп айтқаны белгілі болды.