Семей қаласындағы ядорлық полигон салдарынан екі қолсыз дүниеге келген Қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіков өзінің Нобель сыйлығына ұсынылуын «Неведа-Семей» қозғалысында зардап шеккен барлық азаматтардың еңбегі деп бағалады. Ақпарат казинформ жаңалықтар қызметінде жарияланған.
«Бұл менің еңбегім емес. Бірінші кезекте «Неведа-Семей» антиядорлық қозғалысы, «АТОМ» жобасы және осы бағыттың бастауында тұрған азаматтардың қажырлы еңбектерінің арқасы. Сол азаматтардың көбі қаза тапты», - деп бағалады суретші.
Кәріпбек Күйіков «АТОМ» жобасының құрметті елшісі.
Еске сала кетейік, шотландық саясаткер Билл Кидд Нобель сыйлығына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қарағандылық әйгілі суретші Кәріпбек Күйіковты ұсынған болатын. Қазақстан президенті ұзақ жылдар бойы ядролық қарусыздандыру саласында көшбасшылық танытып келді. Суретші Кәріпбек Күйіков, өтініште көрсетілгендей, кеңестік ядролық сынақтан кейінгі Қазақстандағы өзінің алғашқы жобасын алға сүйреді.
«АТОМ» - Күйіков жүргізіп отырған жоба. Жоба ядорлық қарудың әлемге тигізген зардабы жөнінде хабарлайды. Кәріпбек Күйіков сол ядролық сынақтың кесірінен екі қолсыз дүниеге келді», - деп жазылған өтініште.